Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. оларға былай деп шешімін айтты:— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым! Пилат оларға үшінші рет:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. Пилат Исадан:— Шындық деген не? — деп сұрады. Осыны айтты да, тағы да сарайынан шығып, яһуди басшыларына барды. Оларға тіл қатып былай деді:— Мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын! Пилат қайтадан сыртқа шығып, яһуди басшыларына:— Қараңдар, мен Оны сендерге әкеле жатырмын: Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, соны біліңдер! — деді. Басты діни қызметкерлер мен олардың сақшылары Исаны көргенде:— Айқышқа шегеленсін! Айқышқа! — деп айқай салды. Пилат оларға:— Оны өздерің алып, айқышқа шегелеңдер! Себебі мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.Гамалиелдің сөзі қошталды. Содан жерге құлап түскенімде, маған: «Саул, Саул! Мені неге қудалайсың?» — деген дауысты естідім. Содан мен Иерусалимге қайтып келіп, ғибадатханада мінажат етіп тұрғанда, ерекше күйге еніп, Оны көрдім. Ол маған: «Тезірек Иерусалимнен кет, себебі олар сенің Мен туралы куәлігіңді қабылдамайды», — деді. Ал мен оның өлім жазасына кесер қылмысы жоқ деп таптым. Бірақ өзі римдік патшаның сотын талап еткендіктен, оны соған жөнелтпек болып шештім. Олар шығып бара жатқанда, бір-біріне:— Мына кісі не өлімге кесер, не түрмеге жабар қылмыс жасаған жоқ, — десті.
Выбор основного перевода