Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол:— Яһудилер өзара келісіп, Пауылдың ісін одан да мұқият тексеру сылтауымен оны ертең Жоғарғы кеңеске апаруыңызды сұрамақ. Ал сіз бұған келіспесеңіз игі болар еді. Өйткені олардың қырықтан аса адамы оны жол бойы торуылдап аңдып отырады. Бұлар Пауылды өлтірмейінше ешқандай нәр татпаймыз деп анттасты; енді келісіміңізді күтіп, дайын отыр, — деді. Біз мына кісіні індеттей қауіпті, дүние жүзіндегі яһудилердің ішінде бүлік бастаушы әрі «Назареттіктер» деген діни бағыттың жетекшісі деп таптық. Ол тіпті ғибадатхананы арамдауға ұмтылған кезде оны ұстап алдық, (өз заңымыз бойынша соттамақ болдық. Бірақ мыңбасы Лүси оны үлкен зорлықпен қолымыздан тартып алып, өзіңізге жолдады да, айыптаушыларына сізге баруға бұйырды.) Тергеген кезде не үшін кінәлайтынымызды сіз оның өз аузынан естисіз. Ғибадатханада тазару рәсімінен өтіп жатқан кезімде қасыма жиналған халық та, айқай-шу да болған жоқ. «Сондықтан орталарыңыздан өкілеттілер менімен бірге барып, егер жаңағы кісінің істеген қылмысы болса, оған сол жерде айып тағуларыңызға болады», — деп шешті. Мен оларға: «Айыпталушы айыптаушылармен кездеспей және өзін қорғауға мүмкіндігі болмай тұрып, адамды жазаға бұйыру римдіктердің салтына қайшы келеді», — деп жауап қаттым.
Выбор основного перевода