Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл қала толқып, халық жан-жақтан ағылып жиналды. Олар Пауылға бас салып, оны ғибадатханадан сүйреп шығарды. Сол заматта-ақ ғибадатхананың қақпалары жабылып қалды. Олар Пауылды өлтірмекші болып жатқанда, Рим әскерінің мыңбасына: «Бүкіл Иерусалим бүлік шығарып жатыр!» — деген хабар жетті. Ол дереу жасақшылар мен жүзбасыларын алып, тобыр жиналған жерге қарай асықты. Әлгі адамдар мыңбасы мен жасақшыларды көргенде, Пауылды ұрып-соғуларын доғарды. Мыңбасы жақындап келіп, Пауылды тұтқынға алды да, екі шынжырмен қол-аяғын бұғаулауға бұйырды. Бұдан кейін адамдардан Пауылдың кім екенін, оның не істегенін сұрады. Жасақшылар оның аяқ-қолдарын байлап болып, қамшылайын деп жатқанда, қасында бақылап тұрған жүзбасынан Пауыл:— Соттың үкімінсіз-ақ Римнің азаматын қамшылап соғуыңызға бола ма? — деп сұрады. Жүзбасы осыны естігенде, мыңбасына жүгіріп барып:— Не істейін деп жатырсыз? Мына кісі Римнің азаматы екен! — деп мәлімдеді. Әскербасы Пауылға келіп:— Айтшы, шынымен Римнің азаматысың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, азаматымын, — деп жауап берді. Сонда мыңбасы:— Мен осы азаматтығымды көп ақшаға сатып алдым, — деді.— Ал мен туғаннан Римнің азаматымын, — деді Пауыл. Оны қинап тергемекші болғандар дереу әрірек шегініп тұрды. Пауылдың Рим азаматы екенін білгенде, оны байлатып тастаған мыңбасы да қорқып кетті.
Выбор основного перевода