Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сотта әділдікті бұрмалама! Не кедейге орынсыз жеңілдік жасамай, не байға орынсыз құрмет көрсетпей, адамдарды соттағанда әділ бол! Ұзындық, салмақ, көлем өлшегенде әділетсіздік жасамаңдар! Себебі сол жалған пайғамбарлар тыныштық жоқ кезде халқымды «Тыныштық бола береді!» деп адастырды. Бұл, әлсіз қабырға тұрғызып, оны әкпен сылап әсемдеумен бірдей. Солай әктейтіндерге былай де: Қабырға құлайды! Жаңбыр қатты құйып, дәу бұршақ жауып, жойқын дауыл көтеріледі, сонда қабырға құлап түседі. Қабырға құлаған кезде халық сендерден: «Қабырғаны әктеген едіңдер ғой, неге құлап түсті?» деп сұрамай ма?» Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қатты ашуланып, алапат дауыл жіберемін. Қаһарым лаулап, бұршақ пен жаңбырды жойқын күшпен жаудырамын. Сендер әкпен сылаған қабырғаны Мен құлатып, жермен-жексен қыламын. Осылайша оның түп негізі ашылып қалады. Ол құлағанда, онымен бірге өздерің де құрисыңдар. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Осылай Мен қаһарымды қабырғаға және оны әкпен сылағандарға төгемін. Сендерге: «Қабырға да құрыды, оны әктегендер де құрыды» дейтін боламын. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Әктелген молаларға ұқсайсыңдар: олар сыртынан әдемі болып көрінеді, бірақ іштері өліктердің сүйектері мен түрлі шірікке толы. — Таурат заңымыз бойынша біреуден жауап алып тексермей, оған үкім шығаруға бола ма? — деді.
Выбор основного перевода