Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда «Құлдықтан босатылғандардың» мәжілісханасының кейбір мүшелері Күрене, Ескендірия, Кіликия және Азия өлкелерінен келген яһудилермен бірігіп алып, Степанға қарсы шығып, айтыса бастады. Пауыл енді сөйлейін дегенде, Галлио яһудилерге қарап былай деді:— Ей, яһудилер, егер оны белгілі бір қылмыс жасап, зұлымдық істеді деп айыптасаңдар, шағымдарыңа құлақ асар едім. Ал бұл жерде бір ілім, атақтар және өз заңдарың туралы айтыс болып жатқандықтан, оны өздерің қараңдар! Мұндай мәселеге мен төрелік еткім келмейді. Айыптаушылар шығып сөйлеп, оған қарсы мен күткендей ешқандай айып тақпай, олардың өз тәңіріне табынуларына қатысты мәселе бойынша, сондай-ақ өліп қалған, бірақ Пауыл «Ол тірі» деп нығарлап айтқан Иса есімді Біреу туралы айтысып қалды. Олар шығып бара жатқанда, бір-біріне:— Мына кісі не өлімге кесер, не түрмеге жабар қылмыс жасаған жоқ, — десті. Бұлар ісімді тексеріп, өлім жазасына кесетіндей кінәм болмаған соң, босатып жібергілері келді.
Выбор основного перевода