Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Уа, бауырластар және ақсақалдар! Өзімді алдарыңызда ақтайтын сөзіме құлақ салыңыздар! — Келесі күні әскербасы Пауылды босатып, яһудилердің оны не үшін айыптайтынын анық білу үшін басты діни қызметкерлер мен Жоғарғы кеңес жиналсын деп бұйырды. Содан кейін Пауылды қамалдан алдыртып, солардың алдына тұрғызып қойды. Сондықтан әрдайым Құдай алдында да, адам алдында да ар-ұжданымның таза болуы үшін ұмтылып келемін. Біздің айналамыздағы адамдармен, әсіресе өздеріңмен, Құдайға ұнамды ашықтықпен, адалдықпен қатынас жасап келгендігімізге ар-ұжданымыз куә; мұны мақтан тұтамыз. Ескі күнәкар болмысымыздың «даналығымен» емес, Құдайдың рақымына бола солай өмір сүріп келеміз. Ата-бабаларым қызмет еткен Құдайға мен де таза ар-ұжданыммен қызмет етемін. Оған сен үшін күні-түні шүкірлік етіп, дұғаларымнан өзіңді ешқашан тастамаймын.
Выбор основного перевода