Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:— Сондықтан Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңыз! Мен Өзінің тағында отырған Жаратқан Иенің аянын көрдім. Көктегілердің бүкіл тобы Оның оң және сол жақтарында тұрды. Жаратылмай-ақ жер мен бүкіл әлем,Таулар жаратылмас бұрын бар боп келген,Мәңгі тірі болатын Құдайсың Сен! Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Төрт нөкердің сырт кейпі лаулап жанып жатқан көмір шоғындай не жарқыраған алаудай еді. Осы от нөкерлердің арасында әрлі-берлі қозғалып, оттан найзағайлар жарқылдап тұрды. Төрт дөңгелек зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Төртеуінің де сыртқы түрі мен жасалуы бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. Жаратқан Ие ақ бәтес киім киген қызметшісіне: «Керубтердің астында орналасқан дөңгелектердің арасына кір! Сондағы лаулап жанып жатқан шоқтардан алақаныңа толтырып алып, оларды қаланың үстінен шашып жібер!» — деп тапсырды. Мен қарап тұрған кезде ол сонда кіріп барды. Жаратқан Ие ақ бәтес киген қызметшісіне дөңгелектер мен керубтердің арасынан шоқты алуды бұйырғанда, ол дөңгелектердің біреуінің жанына барып тұрды. Мен қарап тұрғанда, күзетші керубтердің жанындағы төрт дөңгелекті көрдім. Әр керубтің жанында бір-бір дөңгелектен орналасыпты. Дөңгелектер зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Бірақ соңында мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағала келді. Сонда Өзіне бағышталған адамдарды қолдаған үкім шығарылды. Осылай Тәңір Тағалаға бағышталған адамдардың патшалық билікті иемденетін уақыты жетті. Сонда Иса былай деп жауап қатты:— Сендерге шындығын айтамын: әлем жаңарған кезде, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келіп, салтанатты тағымда отырғанда, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар. Оның сырт көрінісі найзағай іспетті, ал киімі қардай аппақ еді. Оның киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болып кетті. Оның басындағы шашы ақ мамықтай әрі қардай аппақ, ал көздері оттай жалындап жатты. Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөленіп аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде Біреу отыр екен. Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап, үкім кесу билігі берілген еді. Сонда мен Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандардың жандарын да көрдім. Бұлар не айуан мен оның мүсініне табынған да жоқ, не айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.
Выбор основного перевода