Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады», — деді. Сонда Улай өзені жағынан: «Жәбірейіл, мына адамға көріністің мағынасын түсіндіріп айтып берші!» — деген біреудің дауысын естідім. Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді. Мұнан кейін ақсақалдардың бірі маған:— Ақ шапан киген мына адамдар кімдер, олар қайдан келді? — деген сұрақ қойды. — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:— Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Выбор основного перевода