Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
«Киелі тауым Сионда Мен ӨзімОсы патшамды тағайындаған едім!» Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. Менен сұра, сонда иелігіңе сеніңХалықтарды мәңгілікке беремін,Шартарапты қол астыңа өткіземін. Сен жауларды темір таяқпен ұрасың.Лақтырып сындырғандай қыш ыдыстарын,Талқандап құртасың өз қиқарлықтарын». Енді, патшалар, ақылға келіңдер,Әлемнің билері, шындықты түсініңдер! Жаратқан Иені терең қастерлеңдер,Қуана бой ұрып қызмет етіңдер!Һәм дірілдеп күнәдан шошыныңдар, Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Егер бір халық не патшалық өзіңе қызмет етуден бас тартса, онда ол қырылып, мүлдем жойылатын болады. Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! Бірақ Алла Тағалаға бағышталған адамдар патшалық билікті қабылдап алып, соған мәңгілік, иә, мәңгі бақи ие болады!» Бірақ соңында мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағала келді. Сонда Өзіне бағышталған адамдарды қолдаған үкім шығарылды. Осылай Тәңір Тағалаға бағышталған адамдардың патшалық билікті иемденетін уақыты жетті. Иса Жақыптың үрім-бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді. Жиналған жұрт Исадан:— Киелі кітаптан біз «Мәсіх мәңгі өмір сүреді» деп үйрендік. Қалайша көктен келген Билеушіні жерден көтеріп қою керек дейсіз? Сіз айтып тұрған «көктен келген Билеуші» кім? — деп сұрады. Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты.
Выбор основного перевода