Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Содан кейін мен бөсіп мақтанған сөздерін айтқан жаңағы мүйізбен не болатынына назар аудардым. Кенеттен көз алдымда сол төртінші айуан өлтіріліп, денесі лапылдап жанып тұрған отқа тасталып құртылды. Мен тағы сол айуанның басындағы он мүйіз туралы, әрі кейін солардың үшеуін түсіріп тастап, орнына өсіп шыққан жаңа мүйіз туралы да білгім келді. Соның көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. Мен қарап тұрғанда осы мүйіз Құдайға бағышталған адамдарға қарсы соғыс бастап, оларды жеңіп отырды. Сол патша Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды жәбірлеп қалжырататын болады. Ол Құдайдың Тауратта белгілеген мейрамдары мен заңдарын өзгертуге ұмтылады. Құдайға бағышталған жандар бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге оның қол астына беріледі. Солардың бірінен тағы бір кішкентай мүйіз өсіп шығып, күш-қуаты артып, оңтүстікке, шығысқа және «көрікті елге» қарай ұлғая берді. Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс. Шегірткелер ұрысқа дайын аттардай көрінді. Бастарына алтын тәж секілді бір нәрсе киіп, бет пішіндері адамға ұқсас болды. Айуанға өз ұлылығын марапаттап, Құдайды қорлайтын ауыз, әрі қырық екі ай бойы өз бетімен әрекет ету билігі берілді. Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады.
Выбор основного перевода