Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сен кімді мазақтап, балағаттадың? Кімді дауыстап қорлап, кімге паңдана қарап тұрсың, соны білесің бе?! Маған, Исраилдің Киелі Құдайына қарсы солай істеп тұрсың! Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,Әрі патшаларды тағайындап қояды,Ал кейін оларды орнынан алады,Ол даналарға тағы даналық қосады,Түсінігі барларға білім дарытады, Оның санасы ауысып, адамдікі емес, аңдардікі болсын. Сондай күйде ол басынан жеті кезеңді өткізсін. Ол қатты күшейеді, бірақ өзінің күш-қуатымен емес. Сол арсыз патша таңғалдыратындай ғаламат ойран туғызып, не істегісі келсе де, сонысын жүзеге асырып отырады. Патша күшті басшыларды әрі Құдайға бағышталған халықты ойрандап кетеді. Әлгі патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап мақтанатын болады. Патша алаңсыз отырған көптеген адамды қырып-жойып, тіпті әміршілердің Әміршісі — Құдайдың Өзіне қарсы бас көтереді. Алайда ол құритын болады, бірақ құруы адам баласының қолынан болмайды. Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс. Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады! Сонда әйелге айдалада өзіне дайындалған арнайы орынға ұшып бару үшін алып бүркіттің қос қанаты берілді. Айдалада әйел үш жарым кезең бойы сол улы жыланнан қауіпсіз тұрып, Құдайдың қамқорлығында болады. Айуанға өз ұлылығын марапаттап, Құдайды қорлайтын ауыз, әрі қырық екі ай бойы өз бетімен әрекет ету билігі берілді. Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады. Мен әйелдің Құдай халқының қанынан мас болғанын көрдім. Ол Исаға адал болып қалғандықтан шейіт болғандардың төгілген қанын ішкен еді. Әйелді көргенде қатты таңғалдым. Сондай-ақ пайғамбарлар мен Құдай халқының қаны, иә, жер бетіндегі барлық өлтірілгендердің қаны осы қаладан табылды!»
Выбор основного перевода