Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сонда Еремия Нириях ұлы Барухты шақырып алды. Оған Жаратқан Иенің өзіне айтқан күллі сөздерін қайталап айтып бергенде, ол соның бәрін шиыршық кітапқа жазып қойды. Сонда Еремия хатшысы Барухқа басқа бір шиыршық кітапты алып берді. Барух Жохақым патша өртеп жіберген бұрынғы кітаптағы сөздерді Еремияның аузынан қайтадан жазып алды. Сондай-ақ соларға тағы да көптеген сөздерді қосып жазды. Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. Көп жылдан кейін Белшазар патша өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады. Ал сіз, оның ұрпағы Белшазар, осының бәрін білсеңіз де, кішіпейіл болған жоқсыз. Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді. Содан соң түнгі түсімде төртінші айуанды да көрдім. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темір тістері болды. Айуан алдына келгеннің бәрін жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрді. Ол бұған дейінгі барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйізі де бар еді. Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Ал мен, Даниял, жаным түршіге қиналдым. Осы көрген көріністерім мені қатты абыржытты.
Выбор основного перевода