Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қахаттықтар Келісім сандығын, (нан тартулары қойылатын) үстелді, шам қойғышты, құрбандық үстелін және хош иісті заттарды түтету үстелін, киелі шатырдағы қызметте қолданылатын құрал-саймандарды және шымылдықты қарап, оларға байланысты барлық жұмыстарды атқаруға тағайындалды. Ел қонысы көшуге дайындалғанда, Һарон ұлдарымен бірге ең қасиетті бөлмені ажыратып бөліп тұратын шымылдықты шешіп алып, сонымен Келісім сандығын жабатын болсын. Олар соның үстіне борсық терілерінен жасалған жабын жайып, оның үстіне бір түсті қою күлгін жапқыш жапсын. Сырықтарды шығыршықтарға кіргізсін. Һарон мен оның ұлдары нан тартулары қойылатын үстелге қою күлгін түсті дастарқан жайып, оның үстіне аяқ-табақтар мен табаларды, сұйық тартулар жасауға арналған құмыралар мен тостағандарды қоюлары керек. Сол үстелдің үстінде Жаратқан Иеге бағышталған нан тартулары ұдайы болсын. Солардың үстіне ал қызыл түсті жапқыш жайып, борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, сырықтарды орнатсын. Мұнан кейін олар қою күлгін түсті жабынды алып, онымен жарық түсіретін шам қойғышты, оның шамдарын, шам өшіргіш қысқаштар мен табақшаларды әрі шамдарға байланысты қызметте қолданылатын зәйтүн майының ыдыстарын да жапсын, олар шам қойғышты және оның барлық құрал-жабдықтарын борсық терілеріне орап, зембілге салып қойсын. Бұдан соң олар хош иісті заттар түтетілетін алтын үстелдің үстіне қою күлгін жабын жайып, оны борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын. Олар киелі орында қызмет етуге арналған басқа құрал-саймандарды да алып, оларды қою күлгін жабынға орап, борсық терісінен жасалған жабынмен жауып, зембілге салып қойсын. Мұнан кейін Һарон және оның ұлдары шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді күлден тазартып, оның үстіне күрең қызыл жабын жайсын. Олар құрбандық үстелінде жасалатын қызметте қолданылатын құрал-саймандардың бәрін: (шоқ салатын) табаларды, шанышқыларды, қалақтарды, (қан бүркуге арналған) тостағандарды, яғни құрбандық үстелінің барлық құрал-саймандарын, жабынның үстіне қойып, оларды борсық терілерінен жасалған жамылғымен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын. Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар. Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып жүрушілер алты қадам жасаған сайын, Дәуіт бір жас бұқа мен бір семіз тоқтыны құрбандыққа шалғызып отырды. Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді.
Выбор основного перевода