Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша (халық Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі) екінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы құрастырылды. Мұса киелі шатырды құрған кезде оның тағандарын орын-орындарына қойғызып, бөренелерін тұрғызып, сырықтарын кигізіп, бағаналарын көтертті. Бұдан кейін Мұса Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырға және ондағы барлық нәрселерге арнайы май жағып, осы рәсім арқылы оларды Құдайға бағыштады. Мұса майдың біразын құрбандық үстеліне жеті рет бүркіп, сол үстел мен оның барлық бұйымдарына және қазан мен оның тұғырына май жағу рәсімін жасап оларды Құдайға бағыштады.
Выбор основного перевода