Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге әрбір рудан бір-бір адамнан көмектессін. Олардың әрқайсысы өз руының басшысы болсын. Сендерге көмектесетін адамдардың аты-жөндері мыналар:Рубеннен Шедеур ұлы Елисур, Шимоннан Суришадай ұлы Шелумиел, Яһудадан Әминадап ұлы Нағасон, Исашардан Суғар ұлы Нетанел, Забулоннан Хелон ұлы Елияп, Жүсіптің ұлдарынан:Ефремнен Амихуд ұлы Әлишама,Манасадан Педасур ұлы Гамалиел, Буняминнен Гидеони ұлы Абидан, Даннан Амишадай ұлы Ахиезер, Аширден Охран ұлы Пагиел, Ғадтан Рәгуел ұлы Әлиасаф, Нафталимнен Енан ұлы Ахира. Осылар Исраил қауымынан тағайындалған адамдар; олар өз әулеттері мен руларының жетекшілері әрі мыңбасылары да болатын.
Выбор основного перевода