Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен құрбандық үстеліне май жағу рәсімін жасап, оны Жаратқан Иеге бағыштаған кезде Исраилдің рубасыларының ұсынған сый-тартулары мыналар болды: он екі күміс табақ, он екі күміс тостаған, он екі алтын таба. Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа шалынған малдың жалпы саны мүйізді ірі қарадан жиырма төрт жас бұқа, сонымен қатар алпыс қошқар, алпыс теке және алпыс тоқты болды. Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалғаннан кейін шалынған құрбандықтар осы болды. Ру басқарушылары да жасаққа сөз арнап былай десін: «Жаңадан үй салып, оған әлі қоныстанып үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Сондай адам үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, үйін басқа біреу қоныстанып жүрер. Сүлеймен Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандық үшін жиырма екі мың мүйізді ірі қара мен жүз жиырма мың қой-ешкіні ұсынды. Осылайша патша мен күллі исраилдіктер киелі үйді Жаратқан Иеге бағыштау рәсімін орындады. Сегізінші күні олар тағы да салтанатты жиналыс өткізді. Себебі жеті күн бойы құрбандық үстелін Жаратқан Иеге бағыштау рәсімдерін орындағаннан кейін халық және жеті күн бойы Күркелер мейрамын тойлады. Сонда Исраилдің бүкіл халқы: діни қызметкерлер, леуіліктер және Бабылға жер аударылудан қайта оралғандардың бәрі де жиналып, Құдайдың киелі үйін Оған зор қуанышпен бағыштады. Иерусалим қаласының қабырғаларын Құдайға бағыштау рәсіміне арнап жер-жерде тұрып жатқан леуіліктер шақырылып, Иерусалимге жиналды. Олар осы қуанышты рәсім мен тойға қатысып, шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтып, даңғыра, жетіген, шертерлермен сүйемелдейтін болды. (Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.) Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,Сен мені шыңыраудан алып шықтың,Жауларыма мені табалатпадың. О, Құдай Ием, мен Саған сиындымҚолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың. Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,Ажалдан жанымды арашаладың. Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,Оның киелі атын мадақтаңдар! Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,Ал рақымы өмір бойы ұласады.Кешке жылап-сықтау басым болады,Ал таң ата қуаныш тосып тұрады. Аман-сау болғанда мақтанған едім:«Мен ешқашан да толқымаймын!» дедім. Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,Сонда мен қорқып уайымға салындым. Уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым,Қолдау сұрап Өзіңе жалбарындым: «Өліп, көрге түсуімнен не пайда,Топырақ сонда Сені мадақтар ма,Адалдығыңды Сенің жариялар ма?! Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр,О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр». Қайғымды шаттық биімен алмастырдың,Азалы киімімді шешіп тастадың,Ерен қуанышқа мені бөледің. Енді үздіксіз Саған ән саламын,Уа, Құдай Ием, мәңгі мақтау айтамын.
Выбор основного перевода