Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Герсондықтардың атқаратын жұмыстары мен көтеретін жүктері мынау: олар кездесу шатырының шымылдықтарын, жапқыштарымен қоса кездесу шатырының өзін, оның үстіндегі борсық терілерінен жасалған жабынды және кездесу шатырының кіреберісіндегі перделерді көтеріп алып жүруге тиіс. Герсондықтар ауланың перделерін, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіне ілінген пердені, арқандарын және құрбандық үстелінде атқарылатын қызметке қажетті құрал-саймандардың барлығын алып жүреді. Сонымен герсондықтар осы нәрселердің бәрін істеуге міндетті.
Выбор основного перевода