Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Мұса шатырға кіргенде, бұлт бағанасы төмен түсіп, шатыр алдына орналасатын. Сол кезде Жаратқан Ие Мұсамен тілдесетін. Бұлт бағанасын шатыр есігінің алдынан көрісімен-ақ, күллі халық орындарынан көтеріліп, әркім өз шатырының кіреберісінен Құдайға иіліп ғибадат ететін. Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін. Мұса кейінірек ел қонысына қайтып оралатын, ал оның жас көмекшісі Нұн ұлы Ешуа кездесу шатырының қасынан кетпейтін. Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді. Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?»
Выбор основного перевода