Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдің үрім-бұтағының арасында тұрып, олардың Құдайы боламын. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Ие Мен екенімді түсініп, араларында тұру үшін оларды Мысырдан алып шыққанымды білетін болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін. Олардың жексұрын қылықтарынан елдің өзі де арамданып кетті. Мен оның айыбына назар аударып, сол себептен енді елдің өзі тұрғындарын құсып шығарып тастайды. Бұдан кейін Һарон Жаратқан Иенің алдындағы түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғына толы табаны және майда етіп тартылған екі уыс хош иісті затты алып, солармен ішкі шымылдықтың арғы жағына өтіп барсын. оны түні бойы ағашта қалдырмай, сол күні жерлеңдер. Себебі ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады. Осылайша Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге табыстап отырған елді арамданып кетуден сақтаңдар!
Выбор основного перевода