Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ егер сол адам бір кісіні темір құралмен ұрып өлтірген болса, онда оның кісі өлтіруші екені анық. Оны өлімге кесу қажет. Кінәлі адамды өлім жазасына кескенде (ең аз дегенде) екі не үш куәгердің айтқандарына сүйену керек. Тек бір ғана куәгердің айтқанына негізделіп ешкімді өлім жазасына кесуге болмайды. Егер біреу қылмыс не күнә жасапты деп айыпталса, оған үкім шығаруға бір ғана адамның куәлігі жеткіліксіз. Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек. Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін. Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін). Егер біреу Мұсаға берілген Таурат заңынан бас тартып, онысын екі-үш куә дәлелдесе, сол адам аяусыз өлімге кесіледі.
Выбор основного перевода