Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кім біреуді ұрып өлтірсе, соның өзі өлтірілсін. Бірақ егер амалын тауып зұлымдықпен кісі өлтірсе, оны (қашып, паналап барған) Менің құрбандық орнымнан шығарып алып, өлімге бұйырыңдар. Кісіні ұрып өлтірген әркім де өлтірілсін. Бірақ егер сондай адам өлтірген кісісіне бұрыннан өшігіп, аңдып келіп, сәті түскен кезде бас салып, оны өлтіргеннен кейін бас сауғалау қалаларының біріне қашып барса, онда оның өз қаласының ақсақалдары ол бас сауғалаған қалаға адамдарын жіберіп, қайтарып алдыртсын. Сол адам өлген кісінің жазалаушы туысқанының қолына тапсырылуы керек. Осылай ол жазасын тартып өлуге тиіс.
Выбор основного перевода