Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал леуіліктерге келсек, олар өздеріне бөлінген қалалардағы үйлерін қайта сатып алуға әрқашан құқықты болады. Сонымен, егер леуіліктердің біреуі өздеріне тиісті қалалардың біріндегі үйін сатып жіберсе, оны өзінің немесе басқа бір леуіліктің қайтарып алуына болады. Әйтпесе үйі Мереке жылында қайтарылуы керек. Себебі леуіліктердің қалаларындағы үйлері — өзге исраилдіктердің арасындағы олардың мұралық меншіктері. Ал леуіліктерге бөлінген қалалардың маңындағы жайылым жерлерді сатуға мүлдем болмайды. Бұлар — олардың мәңгілік иеліктері. Себебі Мұса кезінде екі руға және басқа бір рудың жартысына мұралық жерлерін Иорданның шығыс жағынан белгілеген болатын. Ал леуіліктерге ол осы рулар қатарлы мұралық жер бөліп берген жоқ. Жүсіптен екі ру: Манаса мен Ефрем тараған еді. Сонымен леуіліктерге елден өздерінің мұралық аймағы үлестірілмей, тек тұруға қалалар және малдарын бағуға жайылымдар ғана бөлінді. «Жаратқан Ие Мұса арқылы бізге өзіміз мекендейтін қалалар және малымыз жайылатын өрістер беру туралы айтқан болатын», — деген өтініш жасады.
Выбор основного перевода