Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз. Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу. Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын. Олардан соң Рубен тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Рубен руы жасағының басшысы Шедеур ұлы Елисур,
Выбор основного перевода