Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз. Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз. Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды.
Выбор основного перевода