Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа өз адамыңдай қара. Өзіңді қалай сүйсең, оны да солай сүй! Өздерің де Мысырда жат жұрттық болдыңдар ғой. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Яһуда руы және Мұсаның кендік қайын атасының ұрпақтары «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихоннан шығып, Арад қаласының оңтүстігінде жатқан Яһуданың елсіз даласына көшті де, сондағы халықтың арасына қоныстанды. Мұса пайғамбардың балдызы Хобабтың бір ұрпағы — кендік Хебер есімді кісі бар болатын. Сол кезде Хебер басқа кендіктерден бөлініп, Кедестің маңындағы Сананымдағы дәу емен ағашының маңында қос тігіп, тұрып жатқан еді. Жер шетіндегілер де мұны ескереді,Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді,Бар ұлттардың әулеттері бас иеді, Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Жердің бар байлары тойына қатыспақ,Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ,О дүниеге аттанатын жандар —Өмірі өткінші бүкіл адамдарОның алдында тізерлеп иілмек. Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек,Барлығы Иеміз туралы естімек, Содан Оның әділдігін дәріптеп,Жаңа туған халыққа да паш етпек.Себебі Құдай мұны бітірді Өзі істеп.
Выбор основного перевода