Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шатырды көшіру қажет болған кезде леуіліктер оны жинап, қонған кезінде қайтадан тігуге тиіс. Ал егер киелі шатырға олардан басқа біреу жақындайтын болса, сол өлтірілсін. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді: — Герсонның ұрпақтарын да олардың ата-тектері мен әулеттері бойынша санақтан өткіз. Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, киелі шатырдың жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. Герсондықтардың атқаратын жұмыстары мен көтеретін жүктері мынау: олар кездесу шатырының шымылдықтарын, жапқыштарымен қоса кездесу шатырының өзін, оның үстіндегі борсық терілерінен жасалған жабынды және кездесу шатырының кіреберісіндегі перделерді көтеріп алып жүруге тиіс. Герсондықтар ауланың перделерін, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіне ілінген пердені, арқандарын және құрбандық үстелінде атқарылатын қызметке қажетті құрал-саймандардың барлығын алып жүреді. Сонымен герсондықтар осы нәрселердің бәрін істеуге міндетті. Герсондықтар Һарон мен оның ұлдарының өздеріне берген нұсқауымен жұмыс жасауға әрі жүк тасуға тиісті. Һарон мен оның ұлдары герсондықтарға таситын жүктерін мұқият сақтап қадағалауды тапсырсын. Герсондықтардың кездесу шатырында атқарар жұмыстары осылар. Олар міндеттерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауы бойынша атқаратын болады. Мераридің ұрпақтарын да ата-тектері мен әулеттері бойынша санақтан өткіз. Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. Кездесу шатырына қатысты жұмыс істегенде оларға мынадай міндет жүктеледі: олар шатырдың бөренелерін, көлденең сырықтарын, бағаналарын, күміс тағандарын, ауланы айнала орналасқан бағаналарды, тағандарын, арқандарын, олардың барлық құрал-саймандары мен солардың қызметіне қатыстының бәрін алып жүруге міндетті. Қай затты кімнің алып жүруге тиіс екендігін аттарымен атап тағайындау керек. Діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауымен Мераридің ұрпақтары кездесу шатырында атқаруға тиісті жұмыстар, міне, осылар.
Выбор основного перевода