Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз. Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз. Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын.
Выбор основного перевода