Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз. Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз. Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын. Яһуда тұрағындағы үш ру соның байрағының астында көш бастап шықты. Яһуда руы жасағының басшысы Әминадап ұлы Нағасон,
Выбор основного перевода