Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Набуходоносор (Бабыл еліне) патшалық құрған екінші жылы қорқынышты түстер көріп, соларды уайымдап, ұйқысынан айырылды. Патша оларға:— Мен түс көрдім, содан жаным тыншымай отыр. Түстің мазмұнын білгім келеді, — деді. Ең соңында Даниял алдыма келді. Оның өзім сиынатын тәңірімнің атынан туындалған Балташазар деген есімі де бар, әрі оған киелі тәңірлердің рухы қонған. Оған былай деп түсімді айтып бердім: Сіз қуаттанып, құдіретті болып келдіңіз. Ұлылығыңыз артып, аспанға дейін жетіп, билігіңіз жер бетінің шет-шетіне жайылды. Бірақ перғауын өзінің білімпаздары мен сиқыршыларын алдыртты. Сонда Мысырдың абыздары да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді. Ал Мысырдың абыздары да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді. Сонда перғауынның жүрегі қасарысып, ол Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Жаратқан Ие соны алдын ала білдірген болатын. Даниял патшаға былай деп жауап берді:— Ешқандай білімпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сізге өзіңіз айтып отырған құпияны түсіндіріп бере алмайды. Мен төсекте демалып жатып, мынадай көріністерді көрдім: Қарасам, жер бетінің қақ ортасында бір зәулім ағаш тұр екен.
Выбор основного перевода