Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жақыптың үрім-бұтағының шежіресі мынау:Он жеті жасар Жүсіп әкесінің әйелдері Балха мен Зилпадан туған ағаларымен бірге оның ұсақ малдарын бағысып жүрді. Бозбала бауырларының жаман іс-әрекеттері туралы жұрттың айтқандарын әкесіне жеткізетін. Осылайша Дәуіт Саулға барып, қызметіне кірісті. Патша оны ұнатып, қару тасушыларының бірі етіп қойды. Рохабоғам әкесі Сүлейменнің көзі тірі кезінде уәзірі болған ақсақалдардан ақыл сұрап:— Мына халыққа қандай жауап беру керек, не деп кеңес бересіздер? — деді. Бірақ Рохабоғам ақсақалдардың берген ақылын менсінбей, өзіне қызмет көрсететін құрдас жігіттерімен кеңесіп: Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуінің барлық жағынан да басқалардан басым екенін байқады. Сол себепті бұл төртеуі патшаға қызмет етуге кірісті.
Выбор основного перевода