Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,Әміршімен бірге төрге отырғызады,Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені. Патша сонда адам жұмсап, Жүсіпті босатты,Халықтардың билеушісі оны азат етті, Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар,Халқының көсемдерімен жайғастырар. Ариоқ Даниялды бірден патшаның алдына алып барып: «Уа, патша ағзам, мен Яһудадан жер аударылып келгендердің арасынан түсіңізді жорып бере алатын адамды тауып алып келдім!» — деп баяндады.
Выбор основного перевода