Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арада екі жыл өткенде перғауын түс көреді. Түсінде ол Ніл жағалауында тұр екен. Судан жеті семіз, күйлі сиыр шықты да, қамыс-құрақ ішінде жайылып жүрді. Мұнан кейін олардан басқа, сұрықсыз, арық тағы жеті сиыр судан шығып, жағада тұрған сиырлардың қасына келді. Сұрықсыз, арық сиырлар жеті семіз, күйлі сиырды жеп қойды. Сол кезде перғауын оянып кетеді. Перғауын тағы да ұйықтап кетіп, қайтадан түс көреді. Түсінде бір сабақтан әдемі, толық піскен жеті масақ өсіп тұр екен. Ал солардан кейін жеті сидиған арық масақ та өсіп тұрды. Оларды шығыстан соғып тұрған ыстық жел күйдіріп жіберген болатын. Жеті сидиған арық масақ әдемі, толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Ал перғауын ұйқысынан оянып кетіп, бұның түс екенін біледі. Ертеңінде ол жанын қоярға жер таппай, Мысырдың барлық балгерлері мен білімпаздарын алдыртып, көрген түстерін айтып берді. Алайда олардың ешқайсысы да патшаның түстерін жорып бере алмады.
Выбор основного перевода