Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда бұл патшалар барлық сарбаздарын әрі көптеген аттары мен соғыс күймелерін ертіп шайқасқа аттанды. Олардың жасақтары жиналғанда саны теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай шексіз көп болды. Ал күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары аңғарда шегіртке үйірлеріндей қаптап, түйелері де теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей сансыз көп болып жатыр екен. Філістірлер де Исраилге қарсы соғыс жасағын жинады: олардың үш мың соғыс күймесі, соларға мінетін алты мың жауынгері және теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз жаяу жасақшылары болды. Олар аттанып келіп, Бет-Әбеннің шығыс жағындағы Миқмасқа орнығып алды. Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды
Выбор основного перевода