Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ол аспандағы Жетіқарақшы, Көгалдай мерген Үркерді де, оңтүстік аспаннан көрінетін шоқжұлдыздарды да жаратты. Құдай қараңғыда жасырынған ой-ниеттерді ашады, қара түнекті жарыққа шығарады. Үркер жұлдыздар шоғырын байлап, Көгалдай мергеннің белбеуін шешуге құдіретің бар ма? Терең сумен жерді киімдей жаптың,Тіпті тау бастарын да сумен бастың. Берген бұйрығыңнан кейін сулар безді,Күркіреген үніңнен олар дереу шегінді, Таулардан асып, аңғарларға түсті,Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті. Сен суларға сонда берік шек қойдың,Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың. Сен қараңғылық жайғанда түн болады,Орманның аңдары кезіп сандалады, Шындықты көрмейтін халқымды МеніңӨзі білмейтін жолмен жетелеймін,Бейтаныс жолдармен бастап алып жүріп,Түнекті алдынан нұрға айналдырамын,Қисық жолдардың бәрін түзетемін.Халқым үшін осыларды жасаймын,Ешқашан оны жалғыз қалдырмаймын!» Өйткені Жаратқан Ие тауларды қалыптастырып, желді соқтырады. Ол өз ой-ниеттерін адам баласына ашып білдіреді. Құдай таңғы арайды қара түнекке айналдырып, әлемнің биік жерлерін де аяғымен басады. Оның Есімі — Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сол кезде Мен күнді тал түсте бататын қылып, жерді күндіз қараңғылыққа бөлеймін! Ол Өзінің зәулім сарайын көкте салып, соның негізін жердің бетінде қалайды. Ол теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жердің бетіне төгеді. Оның есімі — Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода