Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Алайда адамдар (екіжүзділік жасайды. Олар Маған арнап) бұқаларды құрбандыққа шалып, (сонымен қатар жалған тәңірлерге арнап) кісілерді де өлтіреді! Алдыма тоқтылары мен астықтан сый-тартуларын алып келушілер мойнын үзген иттерді және шошқаның қанын да ұсынады. Маған арнап хош иісті заттар түтетіп, пайдасыз тәңірлерге де мақтау айтады. Бұл адамдар Менің емес, өз жолдарын таңдап алды. Олар жасаған жексұрын қылықтарынан тіпті рақат табады. Мейлі, шүкіршілік тартуы ретінде ашытқымен пісірілген нанды өртеп ұсыныңдар, ерікті тартулар жасап, оларыңды жұртқа жариялап мақтаныңдар! Өйткені осыны істеуді сондай жақсы көресіңдер, уа, исраилдіктер! — дейді Жаратушы Тәңір Ие. — — Мен Жаратқан Иенің алдына қандай сый-тартумен келейін? Көктегі Құдайға нені ұсынып, бас иіп тағзым ете аламын? Оның алдына келгенде құрбандыққа шалынып, өртелетін тайыншалар ұсынсам бола ма? Жаратқан Иеге сан мыңдаған қошқар әрі он мыңдаған бұлақ болып аққан зәйтүн майын әкеліп Оны риза қылуға бола ма? Бас көтеріп теріс іс істегенім үшін тұңғышымды, жасаған күнәм үшін өз перзентімді құрбандыққа шалайын ба? (— Әрине, олай емес.) Сендер тағы мынаны да істейсіңдер: Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне көз жастарыңды төгіп, қынжылып жылайсыңдар. Себебі Ол сендердің құрбандықтарыңа көңіл бөліп, оларды сендерден ризалықпен қабылдаудан бас тартады.
Выбор основного перевода