Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Өзіңде туып-өскен тұрғындарыңның бірде-біреуі саған қол ұшын беріп, тура жолмен жетелеп алып жүрген жоқ. Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Сол тәкаппар қала сүрініп, жығылады. Оны көтеріп алатын ешкім болмайды. Мен қалаларыңа от қойып, ол айналаңдағының бәрін де өртеп жібереді!» (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. Самарияның масқара тәңірсымағымен ант ішіп, «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Дан!» немесе «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Бер-Шеба!» дейтіндер құлап, енді қайтып тұра алмайды».
Выбор основного перевода