Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сендер піл сүйегімен әшекейленген төсек-орындарыңда жатасыңдар, төсектеріңде жатып шіренесіңдер. Жейтіндерің — отардың тоқтылары мен бордақы таналардың семіз еті. Жетігеннің сүйемелдеуімен ән айтасыңдар, Дәуіт патшаға еліктеп, күй аспаптарыңда ойнауға әуен-күйлер ойлап табасыңдар. Сол күні ғибадатханадағы қуанышты ән-жырлар зарлаумен алмасады. Адам өлігі көп болып, оларды әр жерден жинап, қаладан шығарып тастайды. Бәрі де үн-түнсіз болмақ! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Көңілді мейрамдарыңды қайғыру уақытымен, әрі қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Сендерге азалы киім киіндіріп, қайғыдан шаштарыңды тақырлап алып тастатамын. Бұл жалғыз ұлдың өліміне жоқтау айтқанға ұқсайды. Иә, оның ақыры өте ащы болады!» «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ.
Выбор основного перевода