Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ал Құдай халықтан сырт айналып кетті де, оларды аспан денелеріне құлшылық етуге қалдырды. Осы туралы Пайғамбарлар жазбаларында былай деп жазылған: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма? Жоқ, сендер (жалған тәңір) Молохтың мүсіні орналасқан шатырды және тәңірсымақтарың Ремфан жұлдызының бейнесін бірге алып жүрдіңдер! Бұларды құлшылық етіп табынуларың үшін өздерің жасап алған едіңдер. Сондықтан Мен сендерді жер аударып жіберемін», тіпті Бабылдан да әрі! Құдай емес жын-періге құрбан шалды,Оларды бұрын еш біліп-танымады,Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,Ата-бабалары олардан қорықпады. Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым. Өйткені олар Менің шешімдерімді менсінбей, ережелеріме бағынбады, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Себебі олар жүректерімен жалған тәңірлерге берілген еді. Өйткені олар Менің заңдарымды орындамай, ережелерімді менсінбей, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Олар сондай-ақ ата-бабалары табынған жалған тәңірлерге құштарлана қарады.
Выбор основного перевода