Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ей, Жаратқан Иені сүйетіндер,Зұлымдық атаулыны жек көріңдер!Өзіне бағышталғандарды Ол қорғайды,Зұлымдардың қолынан арашалайды. Кім біледі, мүмкін, Ол ашуы басылып, сендерді мүсіркейтін шығар? Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендердің Өзіне арнап астық әрі сұйық тартулар ұсынуларыңа жететіндей мол жарылқауын жаудырар. Сондықтан Оған жүкті әйел толғатып, босанғанға дейін Жаратқан Ие Исраил халқын (жау қолына) тапсырады. Сол кезде Оның аман қалған ағайындары жер аударылған жақтарынан қайта оралып, Исраилдің өзге адамдарымен бірігетін болады. Сонда Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары көптеген халықтар арасында Жаратқан Иенің жерге түсірген шығына және шөпке жаудырған нөсеріне ұқсайды. Олар ешкімге бағынбай, адам баласынан тәуелсіз болады. Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары халықтар арасында тұрып, орман аңдарының ішіндегі арыстандай, қойлардың ішіндегі жас арыстандай қуатты болады. Олар тарпа бас салып, айыра жыртқанда, ешкім араша бола алмайды. Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.
Выбор основного перевода