Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп ал, Мен оған (үрейін ұшыратын) рухты дарытамын; сонда ол бір суық хабар естіп, еліне қайтып кетеді. Оны өз елінде семсердің жүзімен өлтіртемін. Сонда Жаратқан Ие періштесін жіберді. Періште Ассур патшасының әскер қосындағы барлық батырларын, қолбасшылары мен әміршілерін қырып кетті. Осылай масқара болған Сеннахирим еліне қайта оралды. Сол жерде ол өзінің табынатын жалған тәңірінің ғибадатханасына кіргенде оны өз ұлдары семсермен шауып өлтірді. Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді:— Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз. —
Выбор основного перевода