Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Мысырды қырғынға ұшырату үшін бүкіл елді аралап жүрмек. Сонда Ол жақтаулары мен маңдайшаларына жағылған қанды көріп, сендердің есіктеріңнің қасынан өтіп кетеді де, құртушының үйлеріңе кіріп, өлтіруіне жол бермейді. Халықты қырып жатқан періште енді Иерусалимді де құрту үшін қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апат туралы аяушылық танытып, періштеге: «Жетер енді, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ебустік Орнаның астық бастыратын қырманының қасында болған еді. Сонда Жаратқан Ие періштесін жіберді. Періште Ассур патшасының әскер қосындағы барлық батырларын, қолбасшылары мен әміршілерін қырып кетті. Осылай масқара болған Сеннахирим еліне қайта оралды. Сол жерде ол өзінің табынатын жалған тәңірінің ғибадатханасына кіргенде оны өз ұлдары семсермен шауып өлтірді. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскердің қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен!
Выбор основного перевода