Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай:— Мен саған жар боламын. Сен халықты Мысырдан алып шыққан соң, сендер Маған осы таудың маңында ғибадат ететін боласыңдар. Сені Өзім жібергендігімнің дәлелі сол болмақ, — деді. Сенің ұлдарың Опни мен Пінехес екеуі бір-ақ күнде өледі. Бұл саған айтылғанның бәрінің түгелдей жүзеге асатынын білдіретін белгі болмақ. Осы екі арада Езекия Ишаядан:— Жаратқан Иенің мені сауықтыратыны жайлы алдын ала беретін ғажап белгісі не болады? Үшінші күні Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп бара алатынымды қалай біле аламын? — деп сұраған еді. Сонда Ишая оған:— Жаратқан Ие Өзінің уәде еткенін іске асыратындығының саған арнаған белгісі мынау болмақ: Өзің айтшы, баспалдаққа түсіп тұрған көлеңке он қадам алға жылжысын ба, әлде он қадам артқа жылжысын ба? — деді. — Осыны істейтіндігімді саған дәлелдеуім үшін Менен, Құдайың Жаратқан Иеден, бір керемет жасауымды сұра! Бұл керемет іс жердің терең тұңғиығынан немесе аспанның қиыр шетінен болса да, сұрай бер! — деп бұйырды. Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды:Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил (яғни «Құдай бізбен бірге») деген ат қояды. Ей, Езекия, не болайын деп жатқанының белгісі мынау болады: биыл былтырғы шашылып қалған масақ дәндерінен өсіп шыққан астықпен күн көріп күнелтесіңдер. Келесі жылы да өздігінен өсіп шыққанды азық қыласыңдар. Бірақ одан кейінгі жылы тұқым сеуіп, астық орасыңдар, жүзімдіктер отырғызып, жемістерін жинап, жейсіңдер.
Выбор основного перевода