Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Құдайдың бір пайғамбары Солтүстік Исраил патшасының қасына барып, былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Арамалықтар «Жаратқан Ие — алқаптардың емес, тек тау-төбенің ғана тәңірі» деп айтқандықтан, Мен осы орасан зор әскерді түгелдей сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!» Ассур патшасы қай жолмен келсе, сол жолмен кері қайтып, осы қалаға кірмейтін болады. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын. Сонда Ассур патшасы Сеннахирим жолға шығып, еліне кері қайтып, астанасы Ниневиде тұрып қалды. Оның мазасын алуға ешкімнің дәті бармайды. Олай болса, Маған қарсы тұра алатын біреу бар ма? Мен сенің жақ сүйегіңе қармақ қадап, өзіңді жағаға тартып, шығарып аламын. Сонда өзен тармақтарындағы барлық балық сенің қабыршақтарыңа жабысып шықпақ. Мен сені кері айналдыра бұрып, жақ сүйегіңе қармақ саламын. Сені бүкіл әскеріңмен, толық жарақтанған, үлкенді-кішілі қалқандарын ұстанып, семсерлерін сілтеген салт аттыларыңмен және күймешілеріңмен бірге еліңнен шығарып, алып келемін.
Выбор основного перевода