Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың Жаратқан Иенің зор құдіретін білулері үшін және сендер Құдайларың Жаратқан Иені құрметтеулерің үшін осылай істеді». Уа, Жаратқан Ие, жауап берші! О, Ием, мына халық Сенің Құдай екеніңді және олардың жүректерін қайтадан Өзіңе бұрып жатқаныңды біле алулары үшін маған жауап бере гөр!» Сол түні-ақ Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскер қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Жалғыз Сен ғана Жаратқан Иесің! Ұлан-ғайыр аспанды әрі күллі аспан денелерін, жер мен теңізді және ондағы барлық нәрселерді жаратқан Сенсің! Олардың бәріне өмір беретін де Өзіңсің. Көктегі періштелердің бүкіл тобы Сенің алдыңда иіліп тұрады. Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын,Олар қорланып, ақырында өлім құшсын, Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың,Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың!
Выбор основного перевода