Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! пайғамбар оларға былай деп жауап берді:— Тақсыр иелеріңе былай деңдер: Жаратқан Ие мынаны айтады: Ассур патшасының нөкерлерінің Мені балағаттап айтқан сөздеріне бола қорықпа! Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын,Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым,Исраил сиынатын Киелі Тәңірім,Саған домбыра тартып әнімді арнаймын, Сондықтан от тілінің сабанды жалмап, жалынның пішенді өртеп жіберетіні сияқты, олар да әп-сәтте ғайып болады. Шөптің тамырлары шіріп, гүлдері қурап, желмен ұшып кететініндей, бірден жойылады. Өйткені олар Исраилдің Киелі Құдайы — Әлемнің Иесінің тәлімін мойындамай, Оның сөздерінен бас тартты.
Выбор основного перевода