Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса қайын атасы — мадияндық діни қызметкер Етордың ұсақ малдарын бағып жүрді. Бір күні ол отарын айдаланың алыс түкпіріне, Құдайдың тауы деп те аталатын Хориб тауына айдап барды. Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. Бұл менің Жаратқан Иенің өздеріңмен жасаған Келісімінің тас тақташаларын қабылдап алу үшін тауға шыққан кезімде болған еді. Сол жерде мен қырық күн, қырық түн болып, еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. Сонда Жаратқан Ие маған Құдайдың қолымен жазылған жазуы бар екі тас тақташаны табыс етті. Сендер тау етегінде жиналып тұрған кездеріңде Жаратқан Ие өздеріңе тау басындағы от ішінен айтқан сөздерінің бәрі сол тас тақташаларда жазылған болатын. Сол қырық күн мен қырық түн бітіп, Жаратқан Ие маған екі тас тақташаны, яғни Келісімнің тақташаларын, табыстағаннан кейін, Содан кейін мен қайтадан Жаратқан Иенің алдында етпетімнен қырық күн, қырық түн бойы жатып алдым. Сендердің Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Оның ашуын туғызған барлық күнәларыңа бола сол уақыттың ішінде еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. Иса қырық күн, қырық түн ораза тұтып, соңында әбден ашықты. Жабайы аңдар мекендейтін сол жерде Иса қырық күн болып, әзәзіл шайтан Оны сынақтан өткізді. Содан кейін періштелер Исаға қызмет көрсетті.
Выбор основного перевода