Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ілияс жолға шығып, келе жатқанда Шапат ұлы Елішені он екі пар өгізбен жер жыртып жүрген жерінде кездестірді. Еліше ең соңғы он екінші парды айдап келе жатыр екен. Ілияс жақындап келіп, өз шапанын оның үстіне лақтырып жапты. Сонда Еліше өгіздерін тастап, Ілиястың артынан жүгіріп жетіп, оған:— Әке-шешеммен сүйісіп қоштасып келуге рұқсат етіңізші! Содан кейін сіздің соңыңыздан еремін, — деді. Ілияс:— Жарайды, барып кел! Өзіңе не істегенімді есіңнен шығарма! — деп ескертті. Еліше Ілиястан қайтып келіп, екі өгізді шалып, мойынтұрығы мен соқа-сайманын отын етіп жағып, соған етті пісіріп, жұртына үлестіріп берді, олар соны жеді. Содан кейін Еліше Ілиястың соңынан еріп кетті. Енді ол Ілиясқа қызмет ететін болды. Олар өзеннің арғы жағына жеткеннен кейін Ілияс Елішеге:— Мені өз қасыңнан алып кетпей тұрғанда айтшы: Менен тілейтін нең бар? — деді. Сонда Еліше:— Маған өзіңіздегі Рухтан екі есе берілсе екен, — деп өтінді. Иерихоннан келген пайғамбарлар шәкірттері мұны көргенде: «Ілияста болған Рух Елішеге қонған екен!» — десті. Олар Елішенің алдына келіп, жерге дейін иіле тағзым етіп, Еліше пайғамбарлар шәкірттерінің біреуін шақырып алып, оған былай деп тапсырды: «Жолға дайындалып, қолыңа бір құты май ал да, Ғилақадтағы Рамот қаласына бар. Сол жерде Німшидің немересі, Жосапаттың ұлы Ехуді тауып ал. Оны оңаша бір ішкі бөлмеге алып барып, құтыдағы майды басына құйып, оған былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені Исраилдің үстінен патша етіп тағайындадым!» Бұдан кейін есікті ашып, еш кідірмей сол жерден жүгіріп кетіп қал!» Осылайша пайғамбардың жас қызметшісі Ғилақадтағы Рамотқа барды. Ол сонда жеткенде, әскердің бір жерде жиналып отырған қолбасшыларын көрді. Оларға жақындап барып:— Уа, қолбасшы, сізге айтар бір сөзім бар еді, — деді. Ехудің өзі одан:— Қайсымызға? — деп нақтылады. Пайғамбардың шәкірті:— Сізге, қолбасшы! — деді. Ол тұрып, екеуі үйге кірген соң пайғамбардың шәкірті қолындағы құтының майын Ехудің басына құйып тұрып былай деді:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені май жағу рәсімінен өткізіп өз халқым Исраилдің үстінен патша етіп тағайындадым!
Выбор основного перевода