Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хазаил:— Мырзам, неге жылайсыз? — деп сұрады. Еліше:— Өйткені мен сенің Исраил халқына қандай зұлымдықтар жасайтыныңды біліп отырмын. Сен Исраилдің бекіністі қалаларын өртеп, оның жас жігіттерін семсердің жүзімен қырасың, емшектегі сәбилерін жерге лақтырып өлтіресің, жүкті әйелдерінің іштерін жарасың! — деп жауап берді. Хазаил:— Осындай ғаламат істі мендей ит іспетті пақырыңыз қалайша істей алар екен? — дегенде, Еліше:— Жаратқан Ие маған сенің Арама патшасы болатыныңды көрсетті, — деді. Хазаил Елішенің қасынан кетіп, патшасына қайта оралды. Бен-Хадад:— Еліше саған не деді? — деп сұрағанда, Хазаил:— Ол сізді сөзсіз сауығып кетесіз деді, — деп жауап берді. Алайда келесі күні Хазаил бір көрпені суға малып, сонымен патшаның бетін жауып, тұншықтырып өлтірді. Содан кейін Хазаил оның орнына өзі патша болып алды.
Выбор основного перевода