Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Таудың басына көтеріліп, осы жерде бол. Мен саған халыққа үйрету үшін Өзім ережелерім мен өсиеттерімді жазған тас тақташаларды беремін». Ертеңгісін дайын бол, Синай тауына көтеріліп, таудың басында Менің алдымда тұр! Қарасам, солтүстік жақтан бір алапат құйын келе жатыр екен. Ол найзағайы оттай жарқылдап тұрған, жан-жағынан жарқыраған нұрмен көмкерілген үлкен қалың бұлт екен. Ал оттың ортасы жылтыр қола іспетті жарқырап тұрды. Мен Жаратқан Иенің өзіме бұйырғанындай Оның хабарын жеткіздім. Осылайша істеп тұрған кезімде бір тасырлаған шу пайда болды да, сүйектер рет-ретімен бір-біріне қосыла бастады.
Выбор основного перевода