Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сол пайғамбарды не көріпкелді өлтірулерің керек. Себебі ол сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтан құтқарған Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы шығуға еліктіріп, Оның өсиеттеген жолынан азғыруға тырысты. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер». Мен Ябиннің қолбасшысы Сисараны өзінің соғыс күймелерімен және қалың қолымен бірге сенің қасыңа Қишонның аңғарына еліктіріп әкеліп, қолыңа тапсырамын. — Содан соң олар құрбандық шалып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынуға ғибадатханаға кірді. Еху ғимараттың айналасында өзінің сексен адамын қойып, оларға былай деп қатаң ескертіп қойған болатын: «Мен сендердің қолдарыңа тапсырған осы адамдардың бірде-біреуі қашып кететін болса, сол үшін өз жандарыңнан айырыласыңдар: жанға жан болады!» Түгелдей өртелетін құрбандық ұсынуды бітіре салысымен, Еху сақшыларға және өзінің жасақшыларына: «Енді ішке кіріп, ондағылардың барлығын өлтіріңдер! Бірде-біреуінің қашып кетуіне жол бермеңдер!» — деп бұйырды. Сонда олар жиналғандарды семсермен өлтіріп, өлі денелерін сыртқа лақтырды. Бұдан кейін жалған тәңір Бағалдың ғибадатханасының ішкі бөлмесіне кіріп,
Выбор основного перевода